Firefox браузерін жүктеп алатын 64-биттік Windows пайдаланушылары әдепкі бойынша біздің 64-биттік нұсқамызды ала алады. Бұл сіз Firefox браузерінің қауіпсіз нұсқасын аласыз дегенді білдіреді, ол сонымен қатар анағұрлым аз істен шығады. Қаншалықты аз? Біздің осы уақытқа дейінгі сынақтарымызда 64-биттік Firefox 4 ГБ немесе одан көп жедел жады бар компьютерлерде істен шығуларды 39%-ға азайтты.
32-биттік пен 64-биттіктің айырмашылығы неде?
Білуіңіз керек басты нәрсе: 64-биттік қолданбалар 32-биттік қолданбаларға қарағанда көбірек жадқа қол жеткізе алады және олардың істен шығу ықтималдығы аз. Сондай-ақ, 32-ден 64-битке ауысқан кезде, Адрестік кеңістіктің орналасуын рандомизациялау (ASLR) деп аталатын қауіпсіздік мүмкіндігі сізді шабуылдаушылардан жақсырақ қорғайды. Linux және macOS пайдаланушылары, уайымдамаңыздар, сіздер 64-битке оңтайландырылған Firefox браузерін қазірдің өзінде пайдаланып жүрсіздер.
64-биттік Firefox браузерін қалай алуға болады?
Егер сізде 64-биттік Windows жұмыс істеп тұрса (оны қалай тексеруге болады), Firefox браузеріңіз 64-биттік болуы мүмкін. Firefox нұсқасын тексеріңіз («Firefox туралы» терезесінде) және нұсқа нөмірінен кейін «(32-бит)» немесе «(64-бит)» дегенді іздеңіз:
- Егер сіз «(32-бит)» дегенді көрсеңіз және Firefox 56.0 немесе одан ескі нұсқасын пайдалансаңыз, Firefox браузерінің ең соңғы нұсқасына жаңарту сізді автоматты түрде 64-битке ауыстыруы керек.
- Егер сіз «(32-бит)» дегенді көрсеңіз және Firefox 56.0.1 немесе одан жаңа нұсқасын пайдалансаңыз, компьютеріңіз 64-бит үшін жадтың ең төменгі талаптарына (3 ГБ жедел жад немесе одан көп) сәйкес келмеуі мүмкін. Қаласаңыз, 64-биттік Firefox браузерін қолмен орнатуға болады.