Firefox көмегімен веб-бетті аудару
Интернеттің ең жақсы тұстарының бірі — біз бүкіл әлемдегі мазмұнға қол жеткізе аламыз. Жаңалықтар мақалалары, блогтар немесе тіпті соңғы техникалық гаджетке шолу болсын, мұның бәрін шексіз көрінетін вебтен таба аласыз. Firefox браузерінің соңғы аударма функциясының арқасында бұл құрал веб-бетті нақты уақыт режимінде үздіксіз аударады.
Басқа браузерлер бұлттық қызметтерге сүйенгенімен, Firefox Translations тілдік модельдері пайдаланушының браузеріне жүктеледі және аудармалар жергілікті түрде орындалады, сондықтан Mozilla сіздің қандай веб-беттерді аударғаныңызды жазып алмайды. Firefox браузерін жүктеп алып, қалаған тіліңізде жұмысты бастаңыз.
Веб-бетті аударған кезде, ол жеке болып қалады
Аудармаларыңыз жергілікті түрде өңделгенде, таңдалған құрылғыңыздан ешқандай дерек сыртқа шықпайды және аударма үшін бұлттық қызметтерге сүйенбейді. Бұл дегеніміз, Mozilla сіздің қандай веб-бетті аударғаныңызды білмейді және бұл біздің аударма функциямызды басқа аударма құралдарымен салыстырғанда ерекшелендіреді.
Қазіргі уақытта қандай тілдерге қолдау көрсетіледі?
Төмендегі тілдерге қазіргі уақытта Firefox Translations функциясы қолдау көрсетеді:
- عربي
- Azərbaycanca
- Български
- বাংলা
- Català
- Čeština
- Dansk
- Deutsch
- Ελληνικά
- English
- Español
- Eesti keel
- فارسی
- suomi
- Français
- ગુજરાતી
- עברית
- हिन्दी
- Hrvatski
- magyar
- Bahasa Indonesia
- íslenska
- Italiano
- 日本語
- ಕನ್ನಡ
- 한국어
- Lietuvių
- Latviešu
- മലയാളം
- Melayu
- Nederlands
- Polski
- Português
- Română
- Русский
- slovenčina
- Slovenščina
- Shqip
- Српски
- Svenska
- தமிழ்
- తెలుగు
- Türkçe
- Українська
- Tiếng Việt
- 中文
Және тағы басқа тілдер әзірлену үстінде!
Firefox сіздің тіліңізде сөйлейді
Firefox Translations мүмкіндігі — бұл Mozilla компаниясының интернетті сіз үшін жеке әрі жекелік сақтаудың тағы бір жолы. Mozilla сіздің қай веб-беттерді аударып жатқаныңызды бақыламайды. Дүниежүзі бойынша миллиондаған пайдаланушысы бар Mozilla компаниясы Firefox қолданушыларының ақпаратты өздеріне ыңғайлы шарттармен білуін, қарым-қатынас жасауын, бөлісуін және хабардар болып отыруын қамтамасыз еткісі келеді. Firefox браузерін жүктеп алып, өзіңіз қалаған тілде жұмыс істеуді бастаңыз.