Firefox браузерінің синхрондауы
Firefox браузерінің көмегімен жұмыс үстелі компьютерінен мобильді телефонға немесе планшетке ауысқанда, тоқтаған жеріңізден кедергісіз жалғастыра аласыз. Firefox қай құрылғыны пайдалансаңыз да, бетбелгілеріңізді, шолу тарихын, сақталған парольдерді және т.б. көруге мүмкіндік береді.
Тегін Mozilla тіркелгісі тіркелгісін жасаңых және сіз Firefox пен басқа да Mozilla өнімдерін пайдаланатын кез келген жерде деректеріңізді синхрондай аласыз.
Барлық деректеріңіз біздің серверлерімізде шифрленген, сондықтан біз оларды оқи алмаймыз – оларға тек сіз ғана қол жеткізе аласыз. Біз сіздің ақпаратыңызды жарнама берушілерге сатпаймыз, себебі бұл біздің деректер жекелігі уәдемізге қайшы келеді.
Бір құрылғыдан екіншісіне беттерді жіберу
Firefox ішіндегі "Бетті жіберу" функциясы бір құрылғыдағы Firefox беттерін басқа құрылғыларға (мысалы, iPhone, iPad немесе Android құрылғысына) жіберуге мүмкіндік береді. Телефонмен шолу кезінде жұмыс орнына оралғанда оқығыңыз келетін мақаланы таптыңыз ба? Немесе үйге келгенде сақтағыңыз келетін жұмыстағы маңызды құжат па? Мүмкін, ноутбугыңыздан ас үйдегі планшетке жібергіңіз келетін рецепт тапқан боларсыз. Сол бетті жіберіңіз!