Firefox — жекелікті сақтайтын браузер ме?
Иә. Firefox сіздің жекелігіңізді Жекелік шолу сияқты мүмкіндіктермен қорғайды. Ол үй компьютері немесе iPad сияқты басқа адамдармен бірге пайдаланатын құрылғыны қолданғанда да шолу тарихы мен парольдеріңізді жеке сақтауға мүмкіндік береді.
Firefox сондай-ақ сіздің жекелігіңізді сайттан сайтқа соңыңыздан еріп, шолу әдеттеріңіз туралы ақпарат жинайтын трекерлерді бұғаттау үшін Бақылаудан кеңейтілген қорғаныс функциясымен қорғайды. Ол сонымен қатар зиянды скрипттер мен зиянды бағдарламалардан қорғауды қамтиды.
Қосымша мәлімет: Біз ірі технологиялық компания емеспіз. Біз бәрін басқаша істейміз. Тәуелсіз болуымыз (акционерлердің болмауы) бізге пайдадан бұрын адамдарды бірінші орынға қоюға мүмкіндік береді. Басқа компаниялардан айырмашылығымыз, біз сіздің деректеріңізге кіру рұқсатын сатпаймыз.
Firefox қандай ақпаратты жинайды?
Mozilla (Firefox жасаушысы) жекелікке өте маңызды қарайды. Өте маңызды. Шын мәнінде, біз шығаратын әрбір Firefox өнімі біздің Жеке деректер уәдемізге сай келеді: Азырақ алу. Қауіпсіз сақтау. Құпияның болмауы.
Қосымша ақпарат алу үшін Firefox жекелік ескертуін оқыңыз. Шын айтамыз, көріңіз. Ол қалыпты қаріппен жазылған және бәрі түсінікті.