Бекітілген браузер беттері

Firefox ішінде бетті бекіту таңдаулы сайттарыңызды әрдайым ашық және бір шерту қашықтығында ұстауға мүмкіндік береді. Олар Firefox іске қосылғанда автоматты түрде ашылады. Біз оларды әсіресе электрондық пошта және күнтізбе сайттарын әрдайым қолжетімді ұстау үшін өте пайдалы деп таптық.

Олар кішкентай және оларда жабу батырмасы болмағандықтан, оларды байқаусызда жауып тастай алмайсыз. Оның орнына оларды бекітуден алуыңыз керек.

Бекітілген беттеріңіздің жаңартылғанын көре аласыз, мысалы, сізге жаңа электрондық пошта немесе тікелей хабарлама келсе.

Егер сіз бекітілген беттің ішіндегі сілтемені шертсеңіз, Firefox сілтемені автоматты түрде бөлек, жаңа бетте ашады, осылайша бекітілген бетіңіз мәңгі қалады (немесе оны бекітуден алғанша).