Шығарылатын видеолар арқылы көбірек жұмыс істеңіз

Жасайтын істер мен көретін нәрселер бар ма? Firefox ішінде «Суреттегі сурет» режимін пайдаланып, екеуін де жасаңыз. Ол видеоны веб-парақтан шығарып, экранға бекітіп қоюға мүмкіндік береді, осылайша сіз басқа парақтарда, беттерде және қолданбаларда болған кезде де оны көре бере аласыз.

Оның жұмыс істеу принципі:

  1. Firefox браузеріңізде мынау сияқты кез келген видеоны ойнатыңыз.
  2. Видеоның үстінде пайда болатын «Суреттегі сурет» батырмасын шертіңіз, сонда ол бөлек шығады.
  3. Басқа беттерге немесе тіпті Firefox сыртына өтіңіз. Видео орнында қалады!
  4. «Суреттегі сурет» видеолары қалағаныңызша көп болуы үшін 1-3 қадамдарды қайталаңыз.

«Суреттегі сурет» мүмкіндігін пайдаланудың тағы 3 жолы

Жазбалар жасау барысында лекцияны немесе жиналысты көріңіз

Тамақ пісіру кезінде рецепті бар нұсқаулық видеоны ашық ұстаңыз

Жұмыс істеп жатқанда мысықтарды, иттерді және балаларды көңілдендіріңіз