Firefox PDF түзетушісімен PDF файлдарын тегін түзету
Егер сізге PDF құжатына бірдеңе қосу керек болса, енді оны Firefox арқылы онлайн жасай аласыз. PDF-ті Firefox арқылы ашып, құжатқа өзгертулер енгізу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Мәтін» немесе «Сурет салу» батырмаларын шертіңіз. Өзгертулермен бірге сақтау үшін файлды жүктеп алыңыз.
Онлайн формаларды басып шығармай-ақ және сканерлемей-ақ толтырыңыз
Бәріміз де мұндай жағдайға тап болғанбыз: сізге PDF пішіміндегі форманы толтыру керек, бірақ оны түзету мүмкін емес. Бұрын сіздің жалғыз амалыңыз оны қағазға басып шығару, сиямен толтыру, содан кейін оны компьютерге қайта сканерлеу болатын.
Бұдан былай бұлай емес! Енді Firefox браузерінің көмегімен PDF файлын онлайн түзету, оны сақтау және компьютерден электрондық пошта арқылы жіберу жеткілікті.
Мәтінді қосу
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Мәтін қосылатын жерді таңдамас бұрын, түс пен мәтін өлшемін таңдау үшін Мәтін батырмасын шертіңіз. Осылайша оңай!
Суреттерді қосу
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Құжатқа сурет салмас бұрын, түсін, қалыңдығын және мөлдірлігін таңдау үшін «Сурет салу» таңбашасын шертіңіз.
Балама мәтіні бар сурет қосу
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Сурет таңбашасын шертіңіз, содан кейін суретті жүктеу сұралады. Суреттің өлшемі мен орналасуын қажетінше реттеңіз. PDF файлыңызды қолжетімді ету үшін фотосурет сипаттамасын қосу мақсатында суреттегі «+Alt мәтіні» батырмасын шертіңіз.
Қолтаңба жасау
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Қолтаңба таңбашасын шертіңіз, содан кейін «Жаңа қолтаңба қосу» батырмасын шертіңіз. Теру, Салу немесе Сурет арасында таңдап, енгізу үшін Қосу батырмасын шертіңіз. Сондай-ақ қолтаңбаларыңызды сақтап, кейін қайта пайдалана аласыз.
Ерекшелеуді жасау
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Ерекшелегіңіз келетін мәтінді таңдаңыз, содан кейін таңдалған аймақтың астында пайда болатын ерекшелеу таңбашасын шертіңіз немесе контекстік мәзірден ерекшелеу опциясын табу үшін оң жақ батырмамен шертіңіз. PDF файлдың бөліктерін еркін пішінде ерекшелеу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы таңбашаны шертіңіз.
Түсіндірмені қосу
PDF файлын Firefox ішінде ашыңыз. Ерекшелеуді жасаңыз, содан кейін таңдауыңыздың астында пайда болатын «Түсіндірме» таңбашасын шертіңіз, оны теріңіз және сақтау үшін «Қосу» батырмасын шертіңіз. PDF файлында түсіндірлмелер көп пе? Бүйірлік панельді ашу және қажеттісіне өту үшін жоғарғы оң жақтағы «Түсіндірме» таңбашасын шертіңіз.