Firefox ішінде түс таңдағыш құралымен түстерді таңдаңыз
Веб-беттегі белгілі бір түстің нақты hex-кодын білгіңіз келетін көптеген себептер болуы мүмкін — мүмкін сіз веб-беттерді жасайсыз немесе графикалық дизайнер шығарсыз. Firefox браузерінің компьютерлік нұсқасындағы түс таңдағыш құралы веб-беттегі кез келген түстің үстіне курсорды апару арқылы нақты hex-кодын табуға мүмкіндік береді. Шерту арқылы ол түс мәні алмасу буферіне көшіріледі.
Түс таңдағышты Құралдар мәзіріндегі «Браузер құралдары» бөлімінен немесе Firefox құралдар панелі мәзіріндегі «Басқа құралдар» бөлімінен (Firefox құралдар панелінің соңында) таба аласыз.