Firefox браузерін баптаңыз

Firefox темалары браузеріңіздің сыртқы түрін өзгертуге мүмкіндік береді. Олар браузер мәзірлері мен Firefox жүйелік беттерінің түс схемасын орнатады, тіпті Firefox құралдар панеліне фондық сурет қоса алады.

Firefox құрамында әдепкі жүйелік тема бар және ол ашық, күңгірт және түрлі-түсті нұсқалармен алдын ала жүктелген.

Ашық, күңгірт және түрлі-түсті нұсқалары бар Firefox құрамындағы әдепкі темалардың суреті.

Көбірек тегін темаларды addons.mozilla.org сайтынан таба аласыз. Жоғары бағаланған, танымал және ең көп ұсынылған темаларға шолу жасаңыз. Немесе темаларды санат бойынша іздеңіз, соның ішінде музыка, маусымдық, спорт және табиғат. Тәжірибені өз талғамыңызға қарай реттеңіз. Сүйкімді жануарлар, зұлым роботтар, әдемі пейзаждар — Firefox браузерін өз стиліңізге келтіру үшін мыңдаған нұсқалар бар.

Үш түрлі Firefox темасының суреті: ақ және қызғылт сары екпіні бар қою күлгін және қызғылт тема, құстар мен шие гүлдерінің акварельді суреті бар ашық сарғыш тема және жоғары технологиялық схема үлгісі бар қою қара және жасыл тема.