Бетбелгілер басқарушысы
Бетбелгілер — бұл интернеттегі таңдаулы сайттарға жылдам әрі оңай оралу үшін браузеріңізде сақталатын сілтемелер. Firefox құрамында ыңғайлы бетбелгілер менеджері бар, соның көмегімен сіз барлық сақталған сілтемелерді барлық құрылғыларыңызда реттеп, іздеп, жаңартып және синхрондай аласыз.
Бетбелгілерді іздеуге болатын бумаларға реттеңіз
Бетбелгілерді бумаларға жинап, оларға қосымша мәліметтер үшін тегтер қойыңыз. Сондай-ақ, қажетті бетбелгілерді жылдам табу үшін оларды сұрыптауға болады.
Бетбелгілерді оңай импорттау
Firefox импорттау шебері арқылы бетбелгілерді Chrome, Safari немесе Edge браузерлерінен импорттай аласыз. Тек Бетбелгілер > Бетбелгілерді басқару тармағын шертіп, "Импорттау және резервтік көшірме жасау" бөлімін таңдаңыз.
Бетбелгілер панелі
Firefox жоғарғы жағындағы мәзір арқылы таңдаулы бетбелгілеріңізге жылдам қол жеткізіңіз немесе оларды панельге бекітіп қойыңыз.