Firefox цифрлық ізді жинауды бұғаттайды
Цифрлық ізді жинау дегеніміз не?
Цифрлық ізді жинау — бұл кәдімгі кукилерге негізделген трекингке қарағанда көбірек қол сұғатын онлайн бақылау түрі. Цифрлық саусақ ізі компания сіздің компьютеріңіздің аппараттық құралына, бағдарламалық жасақтамасына, қосымшаларына және тіпті қалауларыңызға негізделген бірегей профильді жасағанда қалыптасады. Сіз қолданатын экран, компьютеріңізде орнатылған қаріптер және тіпті веб-браузерді таңдауыңыз сияқты баптаулардың барлығы саусақ ізін жасау үшін қолданылуы мүмкін.
Егер сізде кеңінен қолданылатын ноутбук, компьютер немесе смартфон болса, цифрлық ізді жинау арқылы құрылғыңызды бірегей түрде анықтау қиынырақ болуы мүмкін. Дегенмен, сізде бірегей қосымшалар, қаріптер және баптаулар неғұрлым көп болса, сізді табу соғұрлым оңай болады. Компаниялар бұл бірегей ақпарат жиынтығын сіздің саусақ ізіңізді жасау үшін пайдалана алады. Сондықтан Firefox белгілі цифрлық ізді жинауды бұғаттайды, осылайша сіз өзіңіздің сүйікті кеңейтулеріңізді, темаларыңызды және баптауларыңызды жарнамалардың соңыңыздан ермеуінсіз пайдалана бере аласыз.
Цифрлық ізді жинау интернет үшін зиянды
Цифрлық ізді жинау тәжірибесі сізді тіпті браузер жадын тазаласаңыз да немесе жекелік шолу режимін пайдалансаңыз да — аңдылғыңыз келмейтіні туралы нақты белгілерге қарамастан — айлар бойы аңдуға мүмкіндік береді. Стандарттар органдары мен браузер өндірушілері арасында саусақ ізін алудың зиянды екендігі туралы толықтай дерлік келісім болғанына қарамастан, оның интернеттегі қолданылуы соңғы онжылдықта тұрақты артып келеді.
Firefox цифрлық ізді жинауды бұғаттайды
Соңғы Firefox браузері цифрлық ізді жинауға қатысатыны белгілі компанияларға үшінші тарап сұрауларын бұғаттау арқылы сізді фингерпринтингтен қорғайды. Біз сіз кіруді ұнататын веб-сайттардың жұмысын бұзбай, осы жекелік қорғанысын қосу үшін көп жұмыс істедік. (Осы жерден толығырақ оқыңыз, егер техникалық егжей-тегжейлерді білгіңіз келсе.)
Бұл да бір табу қиын, баптаулардың тереңінде жатқан функция емес. Firefox соңғы нұсқасында цифрлық іздерді бұғаттау — стандартты, әдепкі баптау болып табылады. Сізді жасырын бақылап жатқанын және Firefox оған қалай жол бермейтінін көру үшін жекелікті қорғау панеліне өтіңіз.
Шынайы өмірде біреудің сіздің әрбір қадамыңызды бақылап жүргенін ұнатпайтын шығарсыз. Оны онлайн режимде қабылдауға да ешқандай себеп жоқ. Егер сізде әлі Firefox болмаса, оны жүктеп алып, өзіңізді цифрлық ізді жинаудан қорғаңыз.