Firefox және Apple Safari салыстыру

Safari мен Firefox браузерлерінің екеуі де жақсы жекелік пен қауіпсіздік мүмкіндіктеріне ие.

Бірақ Firefox браузерінде келесідей кірістірілген құралдар да бар:

Firefox браузер терезесіндегі мәзірлер мен құралдар панелін әртүрлі орындарға жылжыту мүмкіндігін қоса алғанда, баптау опцияларының кең таңдауын ұсынады. Safari интерфейсінің баптау мүмкіндіктері азырақ.

Біз акционерлердің көңілінен шығуға міндетті емес болғандықтан, бар назарымызды сізді қуантуға аударып, жекелігіңіз бен ыңғайлылығыңызды әрдайым бірінші орынға қоя аламыз.

Ауысу оңай

Firefox браузеріне ауысу оңай әрі жылдам — бір рет басу арқылы Safari бетбелгілерін, парольдерін, тарихын және баптауларын импорттаңыз және Firefox браузерін бірден пайдалануға кірісіңіз. Мұнда Safari деректерін импорттау жолы көрсетілген.