Firefox және Opera салыстыру
Firefox браузерінің әдепкі жекелік параметрлері Opera-ға қарағанда мықтырақ. Сондай-ақ, бізде веб-сайттардың сізді бақылауына жол бермейтін цифрлық ізді бұғаттау сияқты көбірек мүмкіндіктер бар.
Firefox браузерінде келесідей кірістірілген құралдар да бар:
- Firefox браузерінің терезесінде ешқандай қосымша бағдарламасыз-ақ PDF файлдарын өңдеңіз.
- Веб-бетті жергілікті және жеке түрде аударыңыз.
Firefox браузер терезесіндегі мәзірлер мен құралдар панелін әртүрлі орындарға жылжыту мүмкіндігін қоса алғанда, баптау опцияларының кең таңдауын ұсынады. Opera интерфейсінің баптау мүмкіндіктері азырақ.
Біз акционерлердің көңілінен шығуға міндетті емес болғандықтан, бар назарымызды сізді қуантуға аударып, жекелігіңіз бен ыңғайлылығыңызды әрдайым бірінші орынға қоя аламыз.
Ауысу оңай
Firefox браузеріне ауысу оңай әрі жылдам — бір рет басу арқылы Opera бетбелгілерін, парольдерін, тарихын және баптауларын импорттаңыз және Firefox браузерін бірден пайдалануға кірісіңіз. Мұнда «Импорттау» батырмасы арқылы ауысу жолы көрсетілген.