Firefox және Microsoft Edge салыстыру
Firefox жекелікті қорғауды оңай әрі ыңғайлы етеді, сондықтан ол туралы уайымдамасаңыз да болады.
Біз әдепкі бойынша трекерлерді бұғаттаймыз. Edge бұны істемейді.
Сондай-ақ біз мынадай қолдануға ыңғайлы мүмкіндіктерді ұсынамыз:
- Firefox браузерінің терезесінде ешқандай қосымша бағдарламасыз-ақ PDF файлдарын өңдеңіз.
- Веб-бетті жергілікті және жеке түрде аударыңыз.
Сондай-ақ біз әр кез іздеу салған сайын қай іздеу жүйесін пайдаланғыңыз келетінін таңдауды оңайлатамыз. Ал Edge браузерінде Bing-тен басқа іздеу жүйесін қолдану үшін баптаулардан ұзақ іздеуге тура келеді.
Microsoft өз акционерлерін қуантуы керек, ал біз назарымызды сізді қуантуға аударып, жекелігіңізді бірінші орынға қоя аламыз.
Ауысу оңай
Firefox браузеріне ауысу оңай әрі жылдам — бір рет басу арқылы Edge бетбелгілерін, парольдерін, тарихын және баптауларын импорттаңыз және Firefox браузерін бірден пайдалануға кірісіңіз. Мұнда «Импорттау» батырмасы арқылы ауысу жолы көрсетілген.