Firefox және Google Chrome салыстыру
Firefox браузерінің әдепкі жекелік параметрлері Chrome-ға қарағанда әлдеқайда мықты. Сондай-ақ, бізде веб-сайттардың сізді бақылауына жол бермейтін цифрлық ізді бұғаттау сияқты қосымша мүмкіндіктер, сонымен қатар жарнаманы бұғаттауға арналған таңдаулы қосымшалар бар.
Біз әдепкі бойынша трекерлерді бұғаттаймыз. Chrome бұны істемейді.
Шын мәнінде, Chrome әдепкі бойынша сізге неғұрлым мақсатты жарнамаларды жіберу үшін қай веб-сайттарға кіретініңізді және не істейтініңізді бақылап, «жарнама тақырыптарын» анықтайды. Сіз үш тақырыпты бұғаттай аласыз, бірақ олардың сіз үшін басқа жарнама тақырыптарын анықтауын тоқтата алмайсыз. дереккөз
Chrome басқа веб-сайттарға жарнама ұсыну үшін сіз туралы ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Сіз нақты сайттардың жарнама ұсынуын бұғаттай аласыз, бірақ деректер жинауды немесе басқа сайттардың жарнама ұсынуын тоқтата алмайсыз. дереккөз
Google әлемдегі ең ірі жарнама желісін басқарады, ал Chrome соның бір бөлігі.
Біз акционерлердің көңілінен шығуға міндетті емес болғандықтан, бар назарымызды сізді қуантуға аударып, жекелігіңіз бен ыңғайлылығыңызды әрдайым бірінші орынға қоя аламыз.
Ауысу оңай
Firefox браузеріне ауысу оңай әрі жылдам — бір рет басу арқылы Chrome бетбелгілерін, парольдерін, тарихын және баптауларын импорттаңыз және Firefox браузерін бірден пайдалануға кірісіңіз. Chrome-нан Firefox браузеріне қалай ауысуға болатынын біліңіз.