Firefox және Brave салыстыру
Firefox браузерінің жекелік параметрлері мықты әрі пайдалануға оңай. Brave-тің әдепкі жарнама бұғаттауы сіз кіретін веб-сайттардың жұмысын бұзуы мүмкін, сондықтан оны үнемі реттеп отыруға тура келеді. Біз жекеліктің оны нақты пайдаланатындай деңгейде ыңғайлы болғанын қалаймыз.
Firefox әр кез іздеу салған сайын қай іздеу жүйесін пайдаланғыңыз келетінін таңдауды оңайлатады. Brave әдепкі бойынша өз іздеу жүйесін қолданады, ал басқасын таңдау үшін браузер баптауларына кіруге тура келеді.
Firefox сақталған құпия сөздерді шифрлеуге мүмкіндік береді және оларға қол жеткізу үшін басты парольді пайдалана аласыз; тіпті компьютерді басқа біреумен бөлісуге тура келсе де, парольдеріңіз қорғалған болады. Brave болса парольдерді парольмен қорғамайды.
Сондай-ақ біз мынадай қолдануға ыңғайлы мүмкіндіктерді ұсынамыз:
- Firefox браузерінің терезесінде ешқандай қосымша бағдарламасыз-ақ PDF файлдарын өңдеңіз.
- Веб-бетті жергілікті және жеке түрде аударыңыз.
Ауысу оңай
Firefox браузеріне ауысу оңай әрі жылдам — бір рет басу арқылы Brave бетбелгілерін, парольдерін, тарихын және баптауларын импорттаңыз және Firefox браузерін бірден пайдалануға кірісіңіз. Мұнда Brave деректерін импорттау жолы көрсетілген.