Firefox Developer Edition
Жаңа сүйікті браузеріңізге қош келдіңіз. Ашық веб үшін жасауға қажетті соңғы мүмкіндіктерді, жоғары өнімділікті және әзірлеу құралдарын алыңыз.
Firefox Developer Edition — Қазақ
Сіздің жүйеңіз Firefox талаптарына сай келмеуі мүмкін, сіз келесі нұсқаларды көре аласыз:
Firefox Developer Edition — Қазақ
- Firefox Developer Edition
- Firefox Developer Edition
- Firefox Developer Edition
- Firefox Developer Edition
- Firefox Developer Edition
- Firefox Developer Edition
- Linux 64-биттік нұсқасына арналған жүктеп алу
- Firefox Developer Edition
Debian, Ubuntu немесе Debian негізіндегі кез келген дистрибутивті пайдаланасыз ба?
Оның орнына біздің APT репозиторийімізді баптауыңызға болады.
Firefox Developer Edition автоматты түрде Mozilla-ға кері байланыс деректерін жібереді. Көбірек білу
Firefox Developer Edition
Әзірлеушілер үшін жасалған браузер
Бета нұсқасындағы барлық соңғы әзірлеушілер құралдары, сонымен қатар көпжолды консоль редакторы және WebSocket инспекторы сияқты мүмкіндіктер.
Release немесе Beta Firefox нұсқаларымен қатар оңай іске қосу үшін бөлек профиль мен жол.
Веб-әзірлеушілерге арналған баптаулар: браузер және қашықтан жөндеу, сондай-ақ қараңғы тема мен әзірлеушінің құралдар панеліндегі батырма әдепкі бойынша іске қосулы тұрады.

Белсенді емес CSS
Firefox DevTools енді бетке әсер етпейтін CSS декларацияларын сұр түске бояйды. Ақпарат белгішесінің үстіне апарғанда, CSS-тің неліктен іске асырылмағаны туралы пайдалы хабарламаны, соның ішінде мәселені қалай шешуге болатыны туралы кеңесті көресіз.
Көбірек білу

Firefox DevTools
Жаңа Firefox DevTools — бұл қуатты, икемді және ең бастысы, өзгертуге болатын құралдар. Бұған көптеген браузерлерде жұмыс істей алатын, React пен Redux негізінде жасалған өз класындағы ең үздік JavaScript жөндеушісі кіреді.
Көбірек білу

CSS Grid-ті меңгеріңіз
Firefox — CSS Grid көмегімен құруға және жобалауға арнайы жасалған құралдары бар жалғыз браузер. Бұл құралдар торды визуализациялауға, байланысты аймақ атауларын көрсетуге, тордағы өзгерістерді алдын ала қарауға және т.б. мүмкіндік береді.
Көбірек білу

Қаріптер панелі
Firefox DevTools ішіндегі жаңа қаріптер панелі әзірлеушілерге элементте қолданылатын қаріптер туралы барлық қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ онда қаріп көзі, қалыңдығы, стилі сияқты құнды ақпараттар бар.
Көбірек білу
Дизайн. Код. Сынау. Жетілдіру.
Сайттарыңызды Firefox DevTools
көмегімен құрастырып, жетілдіріңіз
Бақылаушы
Пиксельдік дәлдікті жайманы құрастыру үшін кодты бақылап, түзетіңіз.
Консоль
CSS, JavaScript, қауіпсіздік және желілік мәселелерді бақылау.
Жөндеуші
Фреймворкіңізді қолдайтын мүмкіндіктері көп JavaScript жөндеушісі.
Желі
Сайтыңызды тежеп, немесе бұғаттай алатын желілік сұратулар жөнінде көбірек білу.
Жинақтауыш панелі
Кэш, cookies файлдары, дерекқор және сессия деректерін қосу, өзгерту немесе өшіру.
Адаптивті дизайн режимі
Сайттарды браузерде эмуляцияланатын құрылғыларда сынаңыз.
Визуалды түзету
Анимациялар, туралау және шегінулерді дәлдеп түзету.
Өнімділік
Тар жерлерді босатып, үрдістерді түзетіп, өнімділікті ыңғайлатыңыз.
Стильдер түзеткіші
Браузеріңіздегі барлық CSS стиль кестелерін түзету және басқару.
Ойыңызды айтыңыз
Кері байланыс бізді жақсырақ етеді. Браузер және әзірлеуші құралдарын қалай жақсартуға болатыны туралы бізге айтыңыз.
Үлес қосу
Соңғы тәуелсіз браузерді құрастыруға көмектесіңіз. Код жазыңыз, ақаулықтарды жөндеңіз, қосымшаларды жасаңыз және т.б.
Әзірлеушілер үшін жасалған Firefox браузерін жүктеп алыңыз