Firefox Browser

iPhone және iPad құрылғыларында жиі кіретін сайттарыңызға жылдамырақ өтіңіз.

iOS жүйесіне арналған Firefox Browser арқылы ашық қосымша беттеріңізді, бұрынғы іздеулеріңіз бен таңдаулы сайттарыңызды бір жерден көріңіз.

Оны App Store ішінен жүктеп алыңыз

iOS үшін Firefox алу

Бастау үшін QR кодын сканерлеңіз

Firefox әдепкі браузеріңіз ету

Енді iPhone және iPad пайдаланушылары әдепкі браузерді өздері таңдай алады. Бұл дегеніміз, сіз енді тек Safari браузеріне байланып қалмайсыз және мобильді браузеріңізді компьютердегі таңдаулы браузеріңізбен синхрондалған күйде сақтай аласыз. Сонымен қатар, Firefox браузерін әдепкі ретінде орнату арқылы сіз тәуелсіз технологиялық компанияға қолдау көрсетесіз. Firefox — коммерциялық емес ұйым қолдайтын жалғыз ірі браузер.

Жылдам. Жеке. Тегін

Аса жоғары жылдамдыққа нұқсан келтірмей-ақ, жеке деректеріңіздің құпиялылығын сақтаңыз. Бұған қоса, ақылды шолу функциялары жекелік баптауларын, парольдер мен бетбелгілерді қайда барсаңыз да өзіңізбен бірге қауіпсіз алып жүруге мүмкіндік беріп, желідегі өміріңізді жеңілдетеді.

Интернетте жекелікті сақтаңыз

Firefox интернетті шолу кезінде сізге күшейтілген жекелік қорғанысын ұсынады. Біздегі Бақылаудан кеңейтілген қорғаныс функциясы әдепкі бойынша әлеуметтік желі трекерлері, сайтаралық куки трекерлері, криптомайнерлер және цифрлық із қалдырушылар сияқты трекерлер мен скрипттерді бұғаттайды.

Сіздің шолу тарихыңыз тарих болып қала береді

Қаласаңыз, интернетке оңай шығып, жекелік шолу режимінде іздеу жасай аласыз. Ал жекелік шолу режимін жапқан кезде, шолу тарихыңыз бен барлық кукилер құрылғыңыздан автоматты түрде өшіріледі.

Өміріңізді Firefox браузерімен толықтырыңыз

Қауіпсіз әрі үздіксіз шолу үшін Firefox браузерін барлық құрылғыларыңызға орнатыңыз. Таңдамалы бетбелгілер, сақталған логиндер, парольдер мен шолу тарихын қайда жүрсеңіз де өзіңізбен бірге алып жүру үшін құрылғыларыңызды синхрондаңыз. Сонымен қатар, тоқтаған жеріңізден жалғастыру үшін ашық беттерді телефоныңыз бен компьютеріңіз арасында жібере аласыз.

Барлығын тезірек табыңыз

Іздеу жолағында іздеу бойынша ұсыныстарды алып, жиі кіретін сайттарыңызға жылдам өтіңіз. Іздеу сұранысын жазып, таңдаулы іздеу жүйелеріңізден ұсынылған және бұрын ізделген нәтижелерді алыңыз.

Негізгі экранның қожайыны болыңыз

Интернеттің өзіңізге маңызды бөліктеріне жылдамырақ өтіңіз. Барлық ашық беттерді, соңғы іздеулерді, бетбелгілер мен таңдаулы сайттарды бір жерден көру мүмкіндігін таңдаңыз.

Өзіңізге ұнайтын нәрселерді көбірек ашыңыз

Firefox браузерінде жиі кіретін сайттарыңызды және соңғы бетбелгілеріңізді көру үшін жаңа бетті ашыңыз. Firefox баратын жеріңізге жылдамырақ жетуіңізге көмектесу үшін жақында пайдаланылған сайттарыңызға жылдам қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

Mozilla туралы

Mozilla интернетті баршаға қолжетімді қоғамдық ресурс ретінде құру үшін жұмыс істейді, өйткені біз ашықтық пен еркіндік жабық әрі бақылаудағы жүйеден әлдеқайда жақсы деп сенеміз. Біз таңдау мүмкіндігін, ашықтық пен бақылауды ілгерілету үшін Firefox сияқты өнімдерді жасаймыз.