Firefox Focus

Жай ғана жеке мобильді шолу

Firefox Focus — трекерлерден автоматты қорғанысы бар жекелікке арналған браузеріңіз. Focus көмегімен беттер жылдам жүктеледі және деректеріңіз жеке болып қалады.

Firefox Focus iOS және Android құрылғылары үшін қолжетімді.

Firefox Focus алу

Бастау үшін QR кодын сканерлеңіз

Тарихыңызды өшіру

Тарихты, парольдерді және кукилерді оңай өшіріңіз, сонда қалаусыз жарнамалар сізді желіде аңдымайды. Іздеу өрісіндегі өшіру батырмасын бассаңыз болғаны, бәрі өшіріледі.

Жеке режимді жаңа деңгейге көтеріңіз

Көптеген браузерлердегі «Жеке шолу» шын мәнінде онша жеке емес. Firefox Focus әдепкі бойынша жаңа деңгейдегі жекелікті ұсынады және оған желідегі құқықтарыңыз үшін күресетін коммерциялық емес Mozilla ұйымы қолдау көрсетеді.

Бақылаудан қорғаныс

Firefox Focus әдепкі бойынша кең таралған трекерлердің үлкен бөлігін, соның ішінде әлеуметтік трекерлерді және Facebook жарнамалары сияқты жабысқақ трекерлерді бұғаттайды.

Барлығын жылдамырақ көріңіз

Focus трекерлерді алып тастайды, сондықтан сіз көріп жатқан беттер аздау деректі қажет етеді және әлдеқайда жылдам жүктеледі. Сондай-ақ, негізгі экранға төрт таңбашаға дейін бекітіп, сүйікті сайтыңызға ештеңе термей-ақ тезірек өтіңіз.

Mozilla жасаған

Біз әрбір адамның желідегі өмірін бақылау мүмкіндігі болуы керек деп санаймыз. 1998 жылдан бері біз осы үшін күресіп келеміз.