Android жүйесіне арналған Firefox арқылы интернеттің төте жолын пайдаланыңыз.
Android жүйесіне арналған Firefox браузері арқылы барлық ашық беттер, соңғы іздеулер бен таңдаулы сайттарыңызды бір жерден көріңіз.
Android үшін Firefox қолданбасын алу
Бастау үшін QR кодын сканерлеңіз
Жылдам және жеке
Android жүйесіне арналған Firefox беттердің аса жылдам жүктелуімен қатар, жекелікті оңай қорғауды қамтамасыз етеді. Бақылаудан кеңейтілген қорғаныс функциясы желіде сізді аңдып, беттердің жұмысын баяулататын онлайн трекерлерді автоматты түрде бұғаттайды.
Жеке режимге бір рет басу арқылы өту
Жекелік шолу режиміне бір басу арқылы өтіңіз. Ал бұл режимді жапқан кезде, шолу тарихыңыз құрылғыңыздан автоматты түрде өшіріледі.
Іздеудің өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз
Үлкен телефоныңыз бар, ал саусақтарыңыз қалыпты ма? Бұл мәселе емес. Android жүйесіне арналған Firefox браузері іздеу жолағын жоғарыдан төменге жылжытуға мүмкіндік береді, бұл оны бір қолмен пайдалануды жеңілдетеді. Сондай-ақ браузер ішінде өзіңізге ұнайтын іздеу жүйесін таңдай аласыз және қаласаңыз, Firefox браузерін әдепкі ретінде орната аласыз.
Қараңғы режимімен қуатты үнемдеңіз
Көздің шаршауын басу және батарея қуатын үнемдеу үшін кез келген уақытта қараңғы режимге ауысыңыз.
Негізгі экранның қожайыны болыңыз
Интернеттің өзіңізге маңызды бөліктеріне жылдамырақ өтіңіз. Барлық ашық беттерді, соңғы іздеулерді, бетбелгілер мен таңдаулы сайттарды бір жерден көру мүмкіндігін таңдаңыз.
Firefox браузерін қосымшалармен күшейтіңіз
Қосымшалар — бұл әдепкі жекелік параметрлерін күшейту немесе интерфейсті өз қалауыңызша реттеу сияқты мүмкіндіктерді қосатын браузеріңізге арналған қуатты шағын құралдар.
Жұмысты қалдырған жерінен жалғастырыңыз
Телефоныңыздан ноутбукке, планшетке және кері қарай еш бөгеліссіз ауысыңыз. Барлық құрылғыларыңызға Firefox орнату арқылы бетбелгілер, парольдер, сақталған логиндер мен шолу тарихын қайда жүрсеңіз де өзіңізбен бірге алып жүре аласыз.
Телефоныңыздың басты экранынан іздеңіз
Қолданбаны ашудың қажеті жоқ. Firefox іздеу виджетін қосыңыз және интернетте тікелей құрылғыңыздың негізгі экранынан іздеңіз.
Видеоларды экранға бекітіңіз
Видеоларды веб-сайттардан немесе ойнатқыштардан бөлек шығарып, интернетте отырғанда немесе басқа істермен айналысқанда көру үшін оларды телефон экранының жоғарғы жағына бекітіп қойыңыз. Бір уақытта бірнеше іспен айналыса отырып, көңіл көтеріңіз.
Mozilla туралы
Mozilla интернетті баршаға қолжетімді қоғамдық ресурс ретінде құру үшін жұмыс істейді, өйткені біз ашықтық пен еркіндік жабық әрі бақылаудағы жүйеден әлдеқайда жақсы деп сенеміз. Біз таңдау мүмкіндігін, ашықтық пен бақылауды ілгерілету үшін Firefox сияқты өнімдерді жасаймыз.