Chromebook үшін Firefox Browser браузерін алу

Сізде Chromebook бар — енді жеке деректеріңізді қорғау үшін тәуелсіз, автоматты түрде жекелікті сақтайтын Firefox Browser браузерін алатын уақыт келді.

Неліктен Chromebook үшін Firefox алу керек?

Chromebook құрылғысында Chrome орнатылған болса да, Firefox браузерін негізгі браузер ретінде жүктеп алып, пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар:

  • Үнемі іске қосулы тұратын бақылаудан қорғау: Firefox әдепкі бойынша жеке деректеріңізді сізді желіде аңдып жүретін белгілі жарнамалық және әлеуметтік желілік бақылаушылардан, сондай-ақ криптомайнинг скрипттерінен қорғау үшін «Бақылаудан кеңейтілген қорғаныс» (ETP) функциясын іске қосады.
  • Тәуелсіз технологияны қолдау: қазіргі уақытта ірі браузерлердің көпшілігі Chromium негізінде жұмыс істейтіндіктен, ірі технологиялық компанияларға тәуелді емес таңдаулар аз. Firefox коммерциялық емес ұйымның қолдауына ие және интернетті жақсартуға бағытталған. Firefox браузерін пайдалану арқылы сіз осы істің бір бөлігі боласыз.

Chromebook үшін Firefox орнату қиын ба?

Өкінішке қарай, бәрі біз қалағандай оңай емес, өйткені сіздің Chromebook құрылғыңыз сізді Google Play экожүйесінде қалдырғысы келеді. Дегенмен, біз Firefox браузерін Chromebook құрылғысына орнату үшін күш салуға тұрарлық деп есептейміз – және бізде қажет болған жағдайда сізге көмектесетін ресурстар бар. Firefox браузерін құрылғыңызға алудың екі жолы бар.

Google Play дүкенінен Firefox орнатыңыз: Chrome OS жүйесінің жаңа нұсқаларында (Chrome OS 80 немесе одан кейінгі нұсқаларында жұмыс істейтін x86 негізіндегі Chromebook), сізде Android үшін Firefox қолданбасын орнату мүмкіндігі бар. Бұл қолданба мобильді құрылғыларға арналған.

Оны Google Play ішінен алыңыз

Firefox браузерін Linux қолданбасы ретінде орнату: бұл жол біраз қадамдарды қажет етеді, бірақ оған тұрарлық. Firefox браузерін Linux қолданбасы ретінде орнатқанда, сіз Firefox жұмыс үстелі браузерін және оның барлық артықшылықтарын аласыз, соның ішінде жақсартылған трекерлерден қорғау, кірістірілген пароль менеджері, мыңдаған қосымшаларға қолжетімділік (соның ішінде UBlock Origin жарнама бұғаттаушысы) және браузеріңіздің сыртқы түрін реттеуге арналған темалар. Chromebook үшін Firefox жұмыс үстелі браузерін орнату туралы көбірек біліңіз.